«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі)» (ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 Қаулысына 11-37-қосымшалар) (үзінді) (күші жойылды)

Предыдущая страница

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

33-ҚОСЫМША

 

200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар»

деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 43410 мың теңге (қырық үш миллион төрт жүз он мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2001 жылғы 5 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 «Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы» Жарлығы; 2001 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы мәселелері» Қазақстан Республикасы Президентінің № 691 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 19 маусымдағы № 3556 «Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын тағайындау туралы» Өкімі; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2 желтоқсан № 1363 «Жазушы Сейдахмет Бердіқұловты мәңгі есте қалдыру туралы» қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениет, өнер, сәулет, спорт және бұқаралық ақпарат құралдары қайраткерлерін шығармашылық қоғамдық белсенді қызметі үшін моральді және материалды ынталандыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: бейбітшілік пен достықты, халықтар арасындағы өзара сенімдікті нығайтуға, мемлекетаралық қарым-қатынастардағы теңдік пен бірдей жариялылыққа бағытталған қызметті белсендендіру; қоғамдық және ұлтаралық келісімді бекіту, республиканың көпұлтты халқының бірлігін нығайту;

демократия мен әлеуметтік прогресті дамыту; журналистер мен өнер қайраткерлерінің бұқаралық ақпарат, әдебиет, өнер, сәулет саласындағы үздік жариялымдары, спорт және дене шынықтыру туралы телебағдарламалары үшін мемлекеттік сыйақы төлемін қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Қазақстан Республикасының шығармашыл зиялыларының шығармашылық және зияткерлік белсенділігін арттыру.

Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы - 1 бірлік; Төрт номинация (2 сыйлық пен 2 грант) бойынша президенттік сыйақы мен гранттар; Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік сыйақылар - 50 бірлік 10 номинация бойынша әдебиет, өнер және сәулет саласындағы сыйақы;

Спорт пен дене шынықтыру туралы үздік жариялымдары мен теледидар мен радиодағы хабарлары үшін үздік журналистерге сыйлықтар беру - 3 бірлік мөлшерінде мемлекеттік сыйақылар мен стипендияларды төлеу.

Соңғы нәтиже: ҚР мәдениет, өнер, әдебиет, сәулет және спорт саласындағы көрнекті қайраткерлері мен журналистерінің үздік жарияланған еңбегі үшін ынталандыру.

Қаржы-экономикалық нәтиже: Төлемнің орташа шығыны:

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының 1 бірлігі - 6174 мың теңге;

Президенттік бір сыйақы - 1105 мың теңге;

1 грант - 1005 мың теңге;

Сыйақылар- 247 мың теңге.

Уақытында: мемлекеттік сыйақылар мен стипендиялардың жоспарланған төлемін қамтамасыз ету.

Сапасы: Бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет, өнер, әдебиет, сәулет және спорт саласындағы көрнекті қайраткерлерге мемлекеттік қолдау көрсетуді арттыру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

34-ҚОСЫМША

 

200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Мемлекет қайраткерлерінің бейнесін мәңгі есте сақтау»

деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 5000 мың теңге (бес миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениет және өнер саласындағы көрнекті қайраткерлерді үлгі ете отырып, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстанның мәдениеті мен өнеріне зор үлес қосқан көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгілік есте сақтау мақсатында шараларды ұйымдастыру және өткізу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: көрнекті қайраткерлерді мәңгі есте сақтау мақсатындағы шараларды ұйымдастыру.

Соңғы нәтиже: мәдениет және өнер саласындағы аса көрнекті қайраткерлерді мәңгі есте сақтау.

Қаржы-экономикалық нәтиже:

Уақытында: керекті шаралардың уақытында өтуі.

Сапасы: мемлекет тарихындағы көрнекті қайраткерлердің есімін сақтау.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

35-ҚОСЫМША

 

200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Мемлекеттік тілді және Қазақстанның басқа да

халықтарының тілдерін дамыту»

деген 025 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 488467 мың теңге (төрт жүз сексен сегіз миллион төрт жүз алпыс жеті мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңының 4, 6, 16, 17, 19, 21, 23, 25, 26-баптары; «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 6,  7-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Шет елде тұратын отандастарды қолдаудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2005 жылғы 21 қарашадағы № 1673 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы» 1999 жылғы 8 қаңтардағы № 16 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» 2004 жылғы 4 қарашадағы № 1146 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік терминологиялық жұмыс тұжырымдамасы туралы» 2004 жылғы 21 сәуірдегі № 444 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы» 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi:

республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: - мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту;

- Қазақстан халықтарының тілдерін дамыту;

- біртұтас қазақ ұлтының құрамдас бөлігі ретінде шетелде тұратын отандастарды әлеуметтік-экономикалық құқықтық қорғау мен қолдаудың мемлекеттік жүйесін жасау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:

- мемлекеттік тілдің барлық мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті

өзін-өзі басқару органдарында қызметтік міндеттерді орындау үшін іс жүргізудің негізгі тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;

- қазақ терминологиясын жетілдіру;

- Орыс тілінің қолданылуын қамтамасыз ету және этникалық топтар өкілдеріне ана тілдерін оқытуға қолдау көрсету;

- шетелде тұратын отандастармен жан-жақты байланыстарды дамыту мен нығайтуды қамтамасыз ету;

- мемлекеттік тілді компьютерлендіру мәселесін шешу;

- мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін үйрету жөніндегі барлық қажетті ұйымдастырушылық және материалды-техникалық жағдайларды жасау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:

- тілдерді дамытуға арналған жалпы 20-дан кем емес жалпы республикалық іс-шаралар (конференциялар, семинарлар, жиналыстар, дөңгелек үстелдер, конкурстар, байқаулар) өткізу;

- шетелде тұратын отандастардың өзекті мәселелеріне арналған жалпы 10-нан кем емес іс-шаралар (конференциялар, семинарлар, жиналыстар, дөңгелек үстелдер) өткізу;

- Қазақстан халықтарының бірлігін нығайтатын Қазақстан халықтарының 1 фестивалін және шетелде тұратын қазақ диаспорасымен жан-жақты байланысты нығайту мен дамытуға бағытталған отандастардың халықтық шығармашылық 1 фестивалін өткізу;

- Республика азаматтарының лингвистикалық сұранысын толық қамтамасыз етуді іске асыруға арналған 15 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» 2 томын әзірлеу;

- қазақ тілінің біркелкі терминологиялық жүйесін ендіру және республика аумағында топонимикалық атауларды фонетикалық, лексикалық, графикалық принциптермен сәйкестендіру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика және Мемлекеттік терминология комиссияларының 6 отырыстарын өткізу;

- қазақ тілін қоғамда дамыту үшін бағытталған «Тіл және қоғам» мамандандырылған альманахтың 3 - номерін басып шығару;

- мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған қазақ тіліндегі «Балапан» журналының 4 номерін шығару;

- терминология мен ономастиканы жетілдіру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық және мемлекеттік ономастика комиссияларының 8 бюллетендерін шығару;

- шетелде тұратын отандастардың ғылыми және шығармашылық ұйымдарымен тұрақты қатынасты қолдау үшін «Туған тіл» мамандандырылған альманахтың 2 - номерін басып шығару;

- қазақ тілін әр түрлі салаларда үйрету мен енгізуге бағытталған 7-тен кем емес компьютерлік бағдарламалар әзірлеу;

- қазақ тіліндегі веб-порталды ақпараттық қолдау және жетілдіру;

- шетелде тұратын отандастар мен мемлекеттік тілдің сұрақтарына арналған 4 әлеуметтік зерттеулер өткізу;

- мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін үйрету үшін керекті жағдай жасау мақсатында Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығына негізгі, активтер сатып алу:

1 автомашина (газель), 45 компьютерлердің жинақтығы, 3 лингафондық кластар, 3 көшіру аппараттары, экранымен 3 проектор, кластарға арналған 3 тақта, 3 сейф, 1 переплеттік аппарат, 32 офистік жиһаздар жинақтығы.

Соңғы нәтиже:

- Қоғамдық өмірдің барлық салаларына мемлекеттік тілдің ролін арттыру

- Этникалық топтардың тілдерін дамыту

- Шет елдерде тұратын отандастардың ұлттық-мәдени, рухани және тілдік қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Қаржылық-экономикалық нәтиже:

- мемлекеттік тілді дамытудың іс-шараларын (конференциялар, семинарлар, смотрлар, жиналыстар және т.б.) өткізу шығындарының орташа құны - 1900 мың теңге;

- отандастардың тілдік және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру іс-шараларын өткізу шығындарының орташа құны - 1465 мың теңге;

- оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді, сөздіктерді, анықтамалықтарды дайындау және шығару шығындарының орташа құны - 1200 мың теңге;

- Әлеуметтік зерттеулер әзірлеудің орташа шығындары - 1200 мың теңге;

- Мемлекеттік тілді дамытуға арналған компьютерлік бағдарламаларды әзірлеудің орташа шығыны - 12 000 мың теңге.

- Мәтінді автоматты түрде аудару компьютерлік бағдарламаларын әзірлеудің орташа шығыны - 36 322 мың теңге.

Уақтылығы:

- Тілдерді қолдану мен дамытудың және шет елдерде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес іс-шаралар өткізу.

- Жоспарда белгіленген мерзімдерге сәйкес іс-шаралар өткізу.

Сапасы:

- республика азаматтарының барлығының және шетелдегі отандастардың қазақ тілін меңгеру деңгейін жетілдіру;

- шетелдерде тұратын отандастардың тілдік қажеттіліктерін толыққанды қамтамасыз ету.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

36-ҚОСЫМША

 

200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының

бюджеттеріне мәдениет және спорт объектілерін

дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері»

деген 026 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 1583700 мың теңге (бір миллиард бес жүз сексен үш миллион жеті жүз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: жоқ.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың салауатты өмір салтын қамтамасыз ету, дене шынықтыру мен спортты, мәдени мұралар, театр мәдениетін дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мәдениет және спорт инфрақұрылымын дамыту.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: Астана қаласының тұрғындары үшін "Қоянды" су қоймасындағы қысқамерзімді демалыс аймағының, Астана қаласындағы теннис кортының құрылыс жұмыстарының және С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ғимаратын салу жұмыстарының орындалуы.

Соңғы нәтиже: тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыруы үшін мәдени және спорттық нысандарды пайдалануға беру.

Қаржы-экономикалық нәтиже: жобалардың жүзеге асу тиімділігіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша.

Уақтылығы: жасалған келісім шарттар мен жұмыс өндірісіне байланысты кестесіне сәйкес.

Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

37-ҚОСЫМША

 

200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес»

деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 34634 мың теңге (отыз төрт миллион алты жүз отыз төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 2 желтоқсандағы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет».

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне тиімді қарсы тұруды одан әрі тарату жүйесінің негізгі буындарын бекіту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: есірткі қолданудың зиянды профилактикасы, республикалық деңгейде есірткіге қарсы спорттық шараларды өткізу арқылы қоғамдық иммунитетті қалыптастыру; дене шынықтыру мен спортты насихаттау, жастар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру және спорттың жүйелі сабақтарына тарту, жасөспірімдер мен жастар арасында спорттың әр түрінен республикалық жарыстар өткізу; нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы өңірлік комиссияның жұмысы, жастардың есірткіге қарсы сана-сезімін қалыптастыру; әлеуметтік есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға салауатты өмір салтының мәдениетіне бағытталған, «Хабар», «Ел-Арна», «Қазақстан» телеканалдарындағы «Есірткісіз өмір», «Нашақорлар - құрдымға апарар жол», «Есірткісіз спорт» атты қазақ және орыс тілдеріндегі бейнероликтердің прокаты, нашақорлыққа апарар факторлармен жастардың хабардар болуын арттыру;

нашақорлық пен есірткі бизнесімен күрес, нашақорлыққа қарсы күрес туралы ақпарат тарату; ұйымдасқан есірткі топтарын анықтауын, ұстауын мемлекеттік органдар жұмыстары туралы ақпарат тарату.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: